Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!

Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 239 484 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй



Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс • Газа соғысы • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы, Курск облысындағы шайқастар)

- 13 маусым — Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады.
- 12 маусым — «Хабар» агенттігі 2025 жылғы Junior Eurovision ән байқауына қатыспайтынын мәлімдеді, Қазақстан байқауға соңғы рет 2022 жылы қатысты.
- 12 маусым — Үндістанның Ахмадабад қаласындағы Boeing 787 апатынан (суретте) 260-тан аса адам қаза тапты.
- 10 маусым — Аустрияның Грац қаласындағы орта мектептегі атыстан он бір адам қаза тапты.
- 3 маусым — Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау нәтижесінде Ли Чжэ Мён жаңа Корея Республикасының президенті болып сайланды.
- 1 маусым — «Өрмек» операциясы нәтижесінде FPV-дрондарымен Ресейдің бірқатар әскери ұшақтары жойылды.
Білгенге маржан
- Балаға ата-анасының гені 50/50% бірдей бөлініп беріледі. Бұл еркектер әйелдерден артық, еркектер әйелдерден бір саты жоғары тұру керек деген аңызды (миф) толықтай жоққа шығаруға жеткілікті. Бұл еркек пен әйелдің теңдігінің бір дәлелі.
- Адамда ДНҚ спиралдарынан тұратын барлығы 46 хромосома бар оның тең жартысы жыныстық мүшелерде сақталады.
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
15 маусым
Мейрамдар
Армения, — Ұлттық байрақ күні.
Әзербайжан, — Ұлттық құтқарылу күні.
Оқиғалар
- 1389 — Осман империясы мен Сербия арасындағы Косово шайқасы.
- 1502 — Христофор Колумб Мартиника аралын ашты.
- 1752 — Бенджамин Франклин найзағайдың электрлік табиғатын батпырауықпен жүргізген тәжірибеде дәлелдеді.
- 1954 — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) құрылды.
- 2001 — Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрды.
Дүниеге келгендер
- 1914 — Юрий Андропов, кеңестік мемлекеттік және саяси қайраткері.
- 1925 — Әлия Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры, мерген.
Қайтыс болғандар
- 1996 — Элла Фицджеральд, америкалық әнші, джаз музыкасының тарихындағы ең үздік вокалисттердің бірі.
- 1992 — Лев Гумилёв, орыс тарихшысы-этнологы, философ, ақын, парсыдан аударушы.
Маусым айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!